Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбайдың Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігіндегі келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
86 келіде бокстасатын жерлесіміз енді өзбек Шохжахон Абдуллаевпен жұдырықтасады.
Абдуллаев 1/16 финалда қырғыз боксшысы Эркин Адылбек уулуны ұтты.
Тоғамбай бірінші айқасында қарсыласын нокаутпен жеңді. Ол Конго ДР өкілі Натан Нланду Мбелиді тізе бүктіріп, 1/8 финалға шықты. Ол кездесу барысында қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді. Сөйтіп жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.
Осымен үшінші боксшымыз келесі кезеңге өтіп отыр. Бұған дейін Талғат Сырымбетов (60 келі), Айбек Оралбай (92 келі) жеңіске жеткен. Бүгін сонымен қатар Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) рингке көтеріледі.
Еске салып өтсек, әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өтеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді