Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі жалғасып жатыр. Екінші айналымда Мексика құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңді. Осылайша, алаң иелері турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алған алғашқы команда атанды.
А тобы аясындағы кездесу Мексиканың Гвадалахара қаласында өтіп, алаң иелерінің 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды жартылай қорғаушы Луис Ромо соқты. Сөйтіп, Мексика құрамасы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, 6 ұпай жинады. Осы нәтиже оларды мерзімінен бұрын турнирдің 1/8 финалына шығуды қамтамасыз етті.
ФИФА-ның мәліметінше, Мексика – ХХІ ғасырда әлем чемпионатында өз алаңында қатарынан екі рет құрғақ матч өткізген алғашқы құрама. Бұған дейін мұндай нәтижеге 1998 жылғы әлем чемпионатында Франция қол жеткізген еді.
Екі турдан кейін А тобында Мексика 6 ұпаймен көш бастап тұр. Оңтүстік Кореяның еншісінде – 3 ұпай, Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасының қоржынында бір-бір ұпайдан бар.
Есте болса, бірінші турда мексикалықтар Оңтүстік Африка Республикасын 2:0 есебімен ұтты. 24 маусым күні Мексика құрамасы Чехиямен кездессе, Оңтүстік Корея ОАР-ға қарсы матч өткізеді.
Қандай ойын күтіп тұр?
Бүгін 23:50-де АҚШ құрамасы Аустралияға қарсы тұрып көреді. 02:50-де С тобындағы Шотландия құрамасы Мароккомен ойында плей-оффқа шығу үшін барын салады. Таңғы сағат 5:30-да Бразилия құрамасы Гаитимен кездеседі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары