29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары7 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының үш бірдей боксшысы жекпе-жектерін өткізеді.
Бұл күні шаршы алаңға Оразбек Асылқұлов (57 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг) шығады.
Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады. Сол бөлімнің алғашқы айқасында Оразбек Асылқұлов Кабо-Верде спортшысы Элизандру Саншеш да Силвамен кездеседі.
Кешкі бағдарлама 22:00-де жалғасады. Ертуған Зейнуллинов Моңғолия боксшысы Даваадалай Алтангэрэлге қарсы рингке шықса, түнгі 00:45 шамасында Абылайхан Жүсіпов армян спортшысы Арарат Арутюнянмен жұдырықтасады.
Айта кетейік, бұған дейін жарыс жолына шыққан Қазақстанның сегіз боксшысы да алғашқы кезеңнен сүрінбей өтті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек