29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық тәжірибелі боксшы Абылайхан Жүсіпов Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті жарыс күнін жарқын жеңіспен қорытындылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
71 келі салмақта жұдырықтасатын спортшымыз 1/8 финалда белорус боксшысы Александр Радионовпен кездесіп, еш күмән тудырмайтын басымдықпен жеңіске жетті. Айта кетейік, Жүсіпов алғашқы айналымда армениялық Арарат Арутюнянды да сенімді түрде ұтқан еді.
Осыған дейін 57 келідегі Оразбек Асылқұлов та ширек финалға жолдама алып, Эсватини боксшысы Мукело Дламиниді нокаутқа жіберген болатын.
51 келі салмақта өнер көрсеткен Даниял Сәбит Кабо-Верде өкілі Леник Фернандесті қапыда қалдырса, 54 келідегі Сәкен Бибосынов танзаниялық Факи Исса Факиден айқын басым түсті.
Ал 63,5 келіде Ертуған Зейнуллинов IBA-PRO лигасының боксшысы Хосе Мануэль Агуйре Крузды ойсырата жеңіп, жарысты жалғастыруда.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек