29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан құрамасы сапынан шаршы алаңға соңғы болып Абылайхан Жүсіпов көтерілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
71 келіге дейінгі салмақта жартылай финал жолдамасы үшін өткен айқаста ұлттық құраманың тәжірибелі өкілі Абылайхан Әзербайжан боксшысы Сархан Алиевпен кездесіп, үш раундқа созылған жекпе-жекте айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осы нәтижесінің арқасында ол кем дегенде қола медальді қоржынға салды.
Осылайша Жүсіпов қазақ боксы тарихында Серік Сәпиевтен кейін әлем чемпионатында төрт медаль еншілеген екінші боксшы атанып отыр.
Абылайхан – 2024 жылы Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. Бұған дейін ол 2017, 2019 және 2021 жылдардағы әлем чемпионаттарында қатарынан үш рет қола медаль алған. Биылғы 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында да алтыннан алқа таққан болатын.
Айта кетейік, Дубайда өтіп жатқан IBA әлем біріншілігінде Абылайхан Жүсіпов Қазақстан құрамасының алтыншы жүлдегері болып тіркелді.
Бұған дейін, алты боксшымыздың жартылай финалға өте алмағанын хабарлаған едік.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек