10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар 81кг келіде елордада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде италиялық Мануэль Парлатиді 29 секундта жеңіп, ел қоржынына алтыншы медальды салды.
Аталған турнирде кеше қазақстандық 4 дзюдошы жүлдегер атанды. Олардың арасында Талғат Орынбасар (60 кг) мен Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) күміс жүлде иеленсе, Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин (60 кг) қола медальға қол жеткізген еді. Бүгін жүлдегерлер қатарына екі қола жүлдемен Есет Қуанов пен Абылайхан Жұбаназар қосылып отыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді