19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова әлем чемпионатын ары қарай күреседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екінші белдесуінде Елдос Оңтүстік Корея өкілі Ким Вон Жинді қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтты. Белдесу барысында отандасымыз екі рет шидо иеленді. Әрі құрама бапкері төрешіден ескер алып, татами шетінен қуылды. Елдос кездесу бойы тоқтаусыз шабуылдан қосымша уақытта нәтижелі әдіс жасады. Енді ол Бразилия балуаны Мишель Аугустамен 1/8 финалда күреседі.
Абиба Әбужақынова бірінші айналымда бос болып, жарысты екінші кезеңнен жалғастырды. Ол шешуші белдесуде түрік қызы Сила Ерсінді қосымша уақытта иппонмен ұтты. Әбужақынова енді Словения балуаны Маруса Стангармен ширек финал жолдамасы үшін күреседі.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары