19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанған Абиба Әбужақынова қай белдесу өзіне қиын соққанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мен үшін жартылай финалдағы қарсыласым – Оңтүстік Корея спортшымен белдесу қиын болды. Париж төрінде үшінші орын үшін таласта жеңгенмін. Ыңғайсыз қарсылас, өзі ұрып күресті. Сол үшін де оған ескерту берілді, - деді Абиба.
Сонымен қатар дзюдошы азулы қарсыластарының атынан да қаймықпайтынын алға тартты.
Финалдағы қарсыласымның атағы жер жарып тұр, бірақ мені мұндай атақтар қорқытпайды, - деді спортшы.
Әбужақынова Загребтегі Гран-приде қола үшін таласта жарақат алып қалған, қалпына келуге үш ай уақыт кетіпті. Дзюдошы қыз Азия ойындарына тыңғылықты даярлықпен келгенін айтты.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары