19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстандық дзюдошылардың Париж Олимпиадасындағы алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абиба Әбужақынова (48 кг) алғашқы айналымда Израиль спортшысы Шира Ришонимен кездеседі. Камила Берліқаш (78 кг) моңғолиялық Адиясурен Амарсайханмен, ал Эсмигүл Куюлова (63 кг) аустриялық Лубьяна Пиовесанамен белдеседі.
Елдос Сметовтің (60 кг) алғашқы қарсыласы – Нидерланд спортшысы Торнике Цякадоеа. Сондай-ақ Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) бірінші айналымда испаниялық Дэвид Гарсияға қарсы тұрады. Данияр Шамшаев (73 кг) өзбек дзюдошысы Муроджон Юлдошевпен кездессе, Нұрлыхан Шархан (-100 кг) белгиялық Тома Никифоровпен белдеседі. Абылайхан Жұбаназар (81 кг) венгриялық Миклош Унгваримен күш сынасады.
Аралас командалық жарысты спортшылар +90 кг салмақ дәрежесі бойынша бастайды. Қазақстан құрамасының бұл сайыстағы алғашқы қарсыласы – Бразилия.
Дзюдошылар жарысты 27 шілдеде бастайды. Алғашқы жарыс күні Абиба Әбужақынова мен Елдос Сметов татамиге шығады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары