20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
48 келіде белдесетін балуанымыз алғашқы айналымда түркімен спортшысы Гүзел Инамовадан басым түссе, екінші белдесуінде израилдік Тамар Малканы “иппонмен” жеңді. Ширек финалда отандасымыз америкалық Мария Лабордеден айласын асырып, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда байырғы қарсыласы Тара Бабулфатхпен белдесіп, Бакуде кеткен есесін қайтарды. Енді ол финалда ресейлік Сабина Гинязовмен белдеседі.
60 келіде ерлер арасында сынға түскен Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов ширек финалға дейін Куба және Грузия балуандарынан басым түскен еді. Алайда, ол ширек финалдық сында тағы бір грузин балуанымен күрес кезінде қарсыласының аяғынан ұстады деген ескертумен жарысан шығып қалды. Ал жұбаныш белдесуінде бельгиялық қарсыласына қарсы ол татамиге шыққан жоқ.
Сонымен бірге, 66 келіде 1/8 финалда күрескен Ғұсман Қырғызбаев қырғыз балуаны Қубанышбек Айбекұлынан, Жанарыс Рахметқали Израиль өкілі Барух Шамиловтен ұтылып, жарысты аяқтады. 60 келіде Нұрқанат Серікбаев ресейлік Аюб Блиевке жол берді. 48 келіде сынға түскен Ғалия Тынбаева алғашқы белдесуде германиялық қарсыласын жеңгенімен, екінші кездесуде ресейлік Сабина Гилазовадан айласын асыра алмады. 52 келіде Аружан Ережепова бірінші кездесу өзбек спортшысынан басым түсіп, 1/8 финалда БАӘ өкіліне есе жіберді. Осы салмақта күрескен тағы бір Қазақстан балуаны Балнұр Әбдешова бірінші белдесуінде кипрлық дзюдошыдан өте алмады. 52 келіде татамиге шыққан Бақыт Құсақбаев бірінші белдесумен Ташкент турнирін аяқтады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?