19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Дзюдодан 48 келіде күресетін Қазақстан спортшысы Абиба Әбужақынова Антальяда басталған Гранд Слэм турнирінде қола медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
А.Әбужақынова бүгінгі сында жартылай финалға дейін жетіп, жапон дзюдошысы Цунода Натсумиден ұтылды. Осылайша ол қола медаль үшін ресейлік дзюдошысы Сабина Гилязовмен күресіп, қосымша уақытта басым түсті.
Бүгін Қазақстан дзюдошысы іріктеу кезеңдерінде Португалия, Ресей, АҚШ дюдошыларын қапы қалдырды. 48 келіде әлем бойынша 4-ші орын тұрған жерлесіміз 500 ұпай иеленіп отыр. Сондай-ақ, ол жыл басынан бері өзі қатысқан 4-ші жарыстың барлығында жүлдегер атанған жайы бар.
Абиба Әбужақыновадан өзге күрескен Қазақстан дзюдошылары есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары