1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстандық белгілі эстрада әншісі Әбдіжаппар Әлқожа 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы облыстық сотының телеграм-арнасында ақпарат жария болды.
6 шілде күні Қонаев қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында А.Б.-ға қатысты көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы дерегі бойынша әкімшілік іс қаралды. Іс жағдайларынан белгілі болғандай, 2024 жылғы 5 шілдеде сағат 23:50 шамасында А.Б., көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, Қонаев қаласы, Рауан ықшам ауданы, Речниковая көшесінде орналасқан демалыс аймағының жанында «Toyota Camry» маркалы автокөлігін басқарған, - деп жазылған сот таратқан мәлімете.
Аталған ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігіне сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін жаза ретінде 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе он тәулікке әкімшілік қамауға алу қарастырылған.
Сот қаулысымен әнші ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деп жазылған Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кету керек, 2022 жылғы 20 желтоқсанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының қаулысымен А.Б. ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Әзірге сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Кеше белгілі әнші Қайрат Нұртастың 5 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды. Өнер иесі ұшақта жолаушының бірімен төбелескені үшін айыпталып отыр.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?