10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҰлттық қолөнерге қызығушылығмен, бейімдігімен ерекшеленетін Әлихан Салихан қамшы өрудің 15 түрін меңгерген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Абай облысы Аягөз ауданындағы №5 мектептің 7-сынып оқушысы гаджеттер мен әлеуметтік желілерді емес, ата-баба өнерін серік еткен.
Ол қамшы өрудің күрделі техникасын өз бетімен үйреніп, бүгінде дойыр, тобылғы сапты, өрме, сегіз өрім, шынжыр баулы, сәндік, алақанды секілді бірнеше түрін өреді.
Қамшы – жай ғана бұйым емес, бұл тарих және рух. Әр өрімді жасаған сайын ата-бабаларымыздың өмір салтын, батырлық болмысын көз алдыма елестетемін. Мақсатым – қамшы өру өнерін меңгеріп қана қоймай, замандастарыма үлгі болып, ұлттық мұраға құрметпен, қызығушылықты арттыру, – дейді жас шебер.
Әлихан қамшы өру ісіне бала кезінен қызығып, өз әкесінен үйренген. Ол қамшының шығу тарихына да қызығушылық танытып, зерттеу жүргізуде.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді