Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты, айтыскер ақын, Ринат Зайытов шығармашылық кешін береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Instagram парақшасында шығармашылық кешті қалай өткізетінін айтып берді.
Әуелден өнер адамы екенім бәріңізге аян. Бірақ, өмірдің бұралаң жолы мені саясат сахнасына алып келді. Бүгінде әр күнім кешегі көрерменді сағынумен өтеді. Кейінгі он айда есіме түсетін бақытты сәттерім аса көп емес. Сондай сәттердің ең тәттісі осыдан екі жыл бұрын өткен шығармашылық кешім. Содан бері қарбалас жұмыстардан уақыт үнемдеп, сіздермен тағы бір жүздесудің ретін келтіруге барымды салудамын. Шүкір. Оның да орайы келген сияқты, - деп жазды депутат.
Белгілі болғандай, ақпан айының 10-ы күні, Алматыдағы Республика сарайында сағат 19:00-де «Абайлаңыздар» атты музыкалық кеш өтеді.
Кеш-түгелдей жанды дауыста өтеді. Өздеріңізге танылған әндерді Қазақ сахнасының жұлдыздары: Мейрамбек Беспаев, Ғаділбек Жаңай, Заман тобы, Нұржан Шөкенов, Мақпал Исабекова, Ермек Меденов, Бибігүл Қилымхан, Әсет Есжан, Айсауле Қайырғазина, Ұлжан Ағлақова, Нариман Әбдірахманов, Азат Дулатұлы, Құралай Өтепова, Ерсейіт Әлиев және тағы басқа Алатау ансамблінің сүйемелдеуімен орындайды.
Уақыт тауып, келген көрермен өкінбейді. Біз сіздерді сағына күтеміз!, - деп жазды Ринат Зайытов.
Мәжіліс депутаты сөз соңында бұл концертті ұйымдастыруға мемлекет қаржысынан бір тиын да жұмасалмайтынын атап өтті.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары