7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Нұрбол Нұрсағатов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz
«Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімі бойынша, Нұрбол Нұрсағатов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды», - делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Нұрбол Төлегенұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде бастаған.
2008-2011 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
ШҚО әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қалалық құрылыс басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметтерінде тер төкті.
Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр және Алматы аудандарының әкімі болған.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?