Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЖарма ауданы Георгиевка орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ералы Қыстаубай ауыл шаруашылығына арналған ерекше құрылғы жасап шықты. Ол топырақтың ылғалдылығын анықтап, автоматты түрде су жіберетін робот құрастырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құрылғы күн энергиясынан жұмыс істейді. Оның құрамына сорғы, қозғалтқыш, дөңгелек, аккумулятор мен басқару жүйесі кіреді. Жас өнертапқыш ауыл шаруашылығында суды үнемдеуді басты мақсат еткен. Ералының айтуынша, робот суды үнемдеуге, өнімділікті арттыруға және адам еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Оны жылыжайда, егістікте немесе бақшада қолдануға болады.
Жоба барысында ол сенсорлардың жұмысын меңгеріп, суарудың тиімді алгоритмін құрастырды, роботтың сызбасы мен 3D моделін дайындады, микроконтроллерді бағдарламалап, құрылғыны құрастырды. Жылыжай мен мектеп ауласында сынақтардан да өткізіп көрген.
Мақсатым – табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығын заманауи технологиямен дамыту. Болашақта мұндай роботты фермерлерге ұсынсам деймін, — дейді оқушы.
Жас өнертапқыш болашақта құрылғысында ЖИ элементтерін дамытпақшы, сондай-ақ ауыл шаруашылығына енгізбек ойы бар.
Жетекшісі — информатика пәні мұғалімі Жанар Шаймұратова.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді