Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖарма ауданы, Қалбатау ауылындағы Маяковский мектебінің 10-сынып оқушысы Ника Бритнер «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында үздік көрсеткіш көрсетіп, «Үздік жас сарбаз» атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Пневматикалық винтовкамен дәл көздеуде, автомат бөлшектеу мен жинауда шеберлігін көрсетсе, шалқасынан жатып кеудені 1 минутта 88 рет көтеріп, Айбын тарихындағы жаңа рекорд орнатты.
Бұған қоса, «Айбын Жұлдызы» сахнасында өнер көрсетіп, өзінің шығармашылық қырын да көпшілікке паш етті.
Ника бұл жеңісін Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арнап,
«Әлия – жауынгер рухтың символы. Менің әр жетістігім – сол рухтың жалғасы», – деп атап өтті.
Абай елінің намысын қорғау үлкен мәртебе екенін айтып, бұл жетістігін хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арнайтынын жеткізді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер