Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік2019 жылы 21 жастағы Айдын Серікқазин қымыздан балмұздақ өндіру идеясымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан 505 мың теңге көлемінде грант жеңіп алды. 2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша ол 5 млн теңге көлемінде өтеусіз грант алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АШМ мәліметінше, бұл қаржыға жас кәсіпкер Семей қаласында қымыз бен саумалдан балмұздақ шығаратын шағын цех ашты. Содан кейін авторлық құқық алып, «Qazice» атты өнімін патенттеді.
Қазір Айдын Астана, Алматы, Балқаш, Өскемен, Семей қалаларында және Алакөл демалыс орталығында қымыз, саумал, сондай-ақ түрлі жемістерден жасалған балмұздақтың 18-ден астам түрін сатады.
Шымкент пен Түркістанда Qazice сату нүктелерін ашу жоспарлануда. Өнім халық арасында жақсы сұранысқа ие.
Ұлттық брендті ілгерілету және отандық өнімді шетелде танымал ету мақсатында географиялық көрсеткішті тіркеуге өтінім берілді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер