Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘлихан Бөкейхан Университетінде «Assyl AI 2025» хакатоны өтті – бұл ауқымды білім беру жобасының қорытынды кезеңі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жоба Әлихан Бөкейхан Университеті мен «Assyltas» қоғамдық қорының бірлескен бастамасымен жүзеге асырылды. Хакатонға Абай облысындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қатысып, жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша екі айлық курстан кейін алған білімдері мен дағдыларын тәжірибе жүзінде сынауға мүмкіндік алды.
Шара университет жанынан құрылған Abai IT Valley технологиялық кластері аясында ұйымдастырылды. Бұл кластер соңғы жылдары өңірдегі жетекші IT-білім беру бағдарламалары мен инновациялық бастамаларды біріктіріп, маңызды технологиялық орталыққа айналып отыр.
Хакатон барысында қатысушылар командаларға бірігіп, жасанды интеллектке негізделген қолданбалы шешімдер мен стартап жобаларды әзірледі. Жобалар тәуелсіз сарапшылардан құралған қазылар алқасына ұсынылып, үздік деп танылған командалар марапатталды.
Хакатонның бас жүлдесі — ALGA командасына бұйырды. Олар АҚШ-тағы Massachusetts Institute of Technology (MIT) жетекші технологиялық университетінде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
«Ауқымды масштабқа ие жоба» номинациясында жеңіске жеткен ONEMED командасы 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.
«Батыл әрі креативті жоба» аталымының жеңімпазы SHE WOLVES командасы болды. Жүлде көлемі – 300 000 теңге.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді