Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАбай облысындағы білім ошақтарына жаңа автобустар берілді. Меткеп оқушыларын тасымалдауға арналған шағын автобустар кілті Тәуелсіздік күніне орай мектептерге табысталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Оқушылар үшін 13 көлік сатып алынды. Оның ішінде 9 шағын автобус және 4 автобус бар. Олар Семей қаласы, Бесқарағай, Абай, Жарма, Аягөз, Бородулиха аудандарына жол тартты.
Жаңа темір тұлпарлар америкалық үлгіде құрастырылған. Газель 13 жолаушыға, шағын автобустар 22 жолаушыға арналған. Автобустар қауіпсіздік белдіктерімен, сөмкелерге арналған сөрелер және бейнекамералармен жабдықталған. Автобустардың есіктері ашық болған кезде автоматты түрде бұғатталады. Мемлекеттік және орыс тілінде айтылатын дыбыстық хабарламалар қосылған. Лизинг арқылы сатып алынған автобустар қосымша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көтергіш құрылғылармен және 4 камерамен жабдықталған.
Айта кетсек, бұған дейін облыста жаңа автобустар алынбаған. Келесі жылы тағы 3 газель мен 2 автобус сатып алу жоспарланған.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек