10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАбай облысының әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев Семейдегі цемент зауытында болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Цемент өндірудің негізгі шикізаты болып табылатын саз бен әктас зауыттың өз карьерлерінде өндіріледі.
Зауыт облыстағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Семей цемент зауыты дымқыл өндіріс әдісімен дайындалған клинкерді күйдірудің төрт технологиялық желісінен тұрады.
Қазіргі уақытта өндірісті тоқтатпай, Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен 2020-2025 жылдарға айналмалы пештердегі шаң жинағыш қондырғыларды кезең-кезеңімен ауыстыру жоспары жөніндегі жасалған келісім жүзеге асырылуда. Бұл жоба зауыт цехтарының аспирациялық жүйелерінің жұмысын жақсартуға, атмосфераға тасталатын шығарындыларды азайтуға бағытталған алғашқы қадам болып табылады.
Кәсіпорында сауықтыру орталығы, балабақша және тәулік бойы тегін қызмет көрсететін асхана сияқты әлеуметтік инфрақұрылым сақталып, табысты жұмыс істеуде. Ал 2022 жылдан бастап «Кристалл» жазғы ойын-сауық лагері ашылды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді