Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПремьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Абай облысындағы ірі табиғи өртті жою және одан зардап шеккен отбасыларға қажетті қолдау шараларын көрсету мәселелері жөнінде жедел кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 7 миллион теңгеден берілетіні және әр балаға 2 миллион теңгеден берілетіні айтылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаза болғандардың отбасыларына мынадай қолдау шаралары көрсетіледі:
1) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы;
2) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы;
3) қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;
4) БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем.
Сондай-ақ несиелерді есептен шығару үшін қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының несиелік жүктемесі анықталады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер