20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысындағы табиғи өртті жоюға көмекті күшейтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Абай облысының Бесқарағай ауданына қарасты Ерназар ауылдық округінің Қоянбай ауылында далалы алқапта өрт шықты. 26 м/с дейін екпінді жел өрттің тез таралуына ықпал етті. Дала өрті "Семей орманы" МОТР Морозов филиалының орман алқабына өтті.
Төтенше жағдайлар министрі өрт орнындағы құтқарушылар тобы "Семей орманы" бөлімшелерін қолдау және өртті жедел жою үшін күшейтілген. Жұмысты үйлестіруді ТЖМ командалық орталығы, жедел штабты вице-министр Батырбек Әбдішев басқаруда. Өрт орнына өрт сөндіру қызметі комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев дереу шықты.
Өртті сөндіруге Абай облысы, Павлодар облысы ТЖД, "Семей орманы" және "Ертіс орманы" орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Барлығы 240 адам және 96 бірлік техника тартылды. Облыстың ТЖД бастығы Манарбек Шапағатовтың қатысуымен әуеден барлау жүргізіліп жатыр.
ТЖМ өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін Экология министрлігіне отпен күресте жан-жақты көмек көрсетуде. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай үнемі бақылауда.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?