23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАбай облысында жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында жалпы сомасы 8 098,2 млн. теңгеге жылу желілері мен жылу көздерін жөндеу және қайта жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған кешенді жұмыстарды 30 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ, жылыту маусымының басына қарай «Ғаббасов» және «Центр» қазандықтарын қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда екі қазандықта да жұмыстың 80% аяқталды. Жалпы, жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүргізіліп, тұрақты бақылауға алынды.
Абай облысын орталықтандырылған жылумен жабдықтау қуаты 100 Гкал/сағ астам 4 ірі жылу көздерімен (ЖЭО - 1, АҚ-1, Семей қаласындағы «Орталық» қазандығы және Бородулиха ауданы Жезкент кентінің қазандығы) және қуаты 100 Гкал/сағ кем 40 жылу көздерімен (Семей қаласында 19 бірлік және облыстың 6 ауданында 21 бірлік) қамтамасыз етіледі. Бородулиха ауданы - 6, Абай ауданы - 2, Аягөз ауданы – 5, Жарма ауданы – 2, Үржар ауданы – 2 және Курчатов қаласы – 4). Бұдан басқа, облыс бойынша бюджеттік ұйымдарды жылумен жабдықтауды 273 дербес қазандық қамтамасыз етеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады