Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАбай облысының Ақсуат ауданындағы Қарғыба өзенінде жаңа су қоймасы салынады. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта нысанның жобалау-сметалық құжаты әзірленіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жобаны уақытылы әрі сапалы іске асыру үшін «Қазсушар» РМК-ның жергілікті филиалы мамандары, Ақсуат ауданы әкімдігінің қызметкерлері және мердігер ұйым өкілдерінен құралған комиссия құрылыс жүргізілетін аумақты тексерді.
«Тексеру барысында тараптар жобаны жан-жақты талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Аудан әкімдігімен бірлесіп ішкі каналдар да қаралды. Жергілікті атқарушы органдар олардың реконструкциясына қатысты жобалау-сметалық құжатты әзірлеумен айналысады. Жаңа су қоймасы мен магистральді каналдар аудандағы ирригациялық жүйелердің толыққанды әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етеді», – деді Абай облысындағы «Қазсушар» РМК филиалының директоры Жарқынбек Байсабыров.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер