Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАбай облысының Жарма ауданында жаңа спорт кешені ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірде тұрғындар қажеттігі үшін бой көтерген нысандар қатары артып келеді. Олардың ішінде баспана және әлеуметтік-мәдени, спорттық-сауықтыру мекемелері бар. Мәселен, ауданға қарасты Әуезов кентінде жаңа спорт залы ашылып отыр. Ангар типтегі модульдық спорт залы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржысына салынды.
Жергілікті халық спорт залдың ашылуы кент өміріндегі елеулі оқиға екенін айтып, ризашылықтарын білдіруде. Сонымен қатар денсаулықты нығайтып, спортты дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң әсер ететініне сенімді.
Нысанның ашылуына орай шағын футболдан жолдастық кездесу өтті. Бүгінгі танда Жарма ауданында 125 спорт нысаны бар. Екі спорт кешені, 1 күрес, 1 бокс залы, ипподром, 6 хоккей корты, 82 ашық спорт алаңы мен 23 мектепте спорт залы жұмыс істейді. Аудан тұрғындарының 40,3% спортпен шұғылданады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер