18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Абай облысында жалпыөңірлік тазалық акциясы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, сенбілікке мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың, жоғары және орта оқу орындарының, шағын және орта бизнес нысандарының өкілдері, қоғамдық және жастар ұйымдары, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, аймақтың қарапайым тұрғындары белсенді атсалысты.
Семей қаласында өткен тазалық шарасына жұртшылықпен бірге облыс әкімі Берік Уәли де қатысты. Айта кетейік, аймақ басшысы 4 сәуірде облыс тұрғындарына арнайы үндеу жасап, жалпыөңірлік тазалық акциясы басталатынын жариялаған болатын.
Облыс орталығында өткен сенбілікте аймақ басшысы бұл тазалық акциясы бір реттік емес, жыл бойы жалғасатынын атап өтті.
Біз осы жалпыөңірлік акцияны бастаған кезде «Тұрғындар қалай қабылдар екен?!» деп қобалжығанымыз да рас. Бірақ ойлағанымыздан асып түсті. Халық осыны күтіп жүргендей бастаманы іліп әкетті. Тіпті отбасылық чаттарға дейін тарап, бір бірлерін тазалық акциясын қолдауға шақырып жатқан халықтың шынайы ықылас-пейілін аңғардық. Бұл біздің бастамамыздың халықпен үндескенін көрсетеді. Жақсы басталған істі әрі қарай жүйелі түрде жалғастырамыз, - деді аймақ басшысы.
Ерекше атап өтерлігі, акция барысында арнайы байқау жарияланып, «үздік аудан», «үздік ауыл», «үздік аула», «үздік университет», «үздік колледж», «үздік мектеп», «үздік балабақша», «үздік көше», «үздік мекеме», тағы басқа да номинациялар бойынша тазалық жанашырлары анықталады. Жыл соңында жеңімпаздарға қомақты сыйлықтар табысталады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр