Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАбай облысында «Жыл үздігі – 2024» олимпиадалық спорт түрлерінің үздік спортшыларын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара республикалық және халықаралық сайыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, спорттың дамуына үлес қосқан спортшылардың еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылды.
Бүгінде Абай облысында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындардың үлесі 40%-ды құрайды. Өңірде 72 спорт түрі қарқынды дамып келеді, ал ведомстволық бағынысты мекемелерде 15 259 спортшы тұрақты түрде жаттығып жүр. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында облыстан 453 спортшы өнер көрсетеді.
2024 жылы облыс спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда жалпы саны 2892 медаль жеңіп алды. Ерекше табыстардың бірі ретінде Руслан Ерембаев пен Кенжекан Баймұратовтың бочча спортынан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын алғанын атап өтуге болады.
Шара барысында үздік спортшыларға ақшалай сертификаттар, естелік сыйлықтар және Алғыс хаттар табысталды. Бұл марапаттар олардың спорттағы табандылығы мен жоғары жетістіктеріне деген құрметтің көрінісі болды.
Абай облысының спортшылары алдағы уақытта да жаңа биіктерді бағындырып, Қазақстанның абыройын асқақтата береді деген сенім мол.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес