Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАбай облысындағы "Семей орманы" аумағындағы орманды алқаптан тағы да өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 гектар алаңда ағаштар жанған. Қазір өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД-дан 31 адам және 9 техника, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 техника жұмылдырылған.
Абай облысы ТЖД-ның дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Өрт сөндірушілер өрттің өршуіне жол бермеу және оны сөндіру үшін барлық күштерін салып жатыр.
Айта кетейік, бұдан екі апта бұрын ғана Абай облыындағы 3500 гектар аумақты қамтитын орман өртеніп кеткен болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді