29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАбай облысының Көкпекті ауданында құны 1 млрд теңге құрайтын а алтын-күміс қорытпасын шығаратын жаңа кәсіпорын өндірістік пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жобаны «Altyn Samruk Qazaqstan» АҚ еншілес кәсіпорны, 2024 жылғы 15 қарашадағы №150-МЛ қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензияның иегері «Eastern Gold» ЖШС жүзеге асыруда.
Абай облысы әкімдігі «Eastern Gold» ЖШС директоры Гүлмира Қасылова кеніште тікелей жұмыс істейтінін және толық циклді операциялық қызметке қатысатынын атап өтті. Тауарлы өнім өндіру облыстық және республикалық бюджетке салық түсімдерін қамтамасыз етеді.
Зауыт жылына 200 000 тонна алтын рудасын өңдеу және 200 кг-ға дейін ДоРе қорытпасын өндіруге қауқарлы.
Кен жақын маңдағы «Родниковое» және «Белая Горка»кен орындарын өндіретін карьерлерден алынады. Бүгінгі таңда расталған ең аз қорлар көлемі зауыттың кем дегенде 8-10 жыл жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жеткілікті.
Жобаны жүзеге асыру Қазақстанда алтын рудаларын өндіру мен өңдеуді дамытуға, «Тау-Кен Алтын» ЖШС үшін ДоРе қорытпасын өндіруді дамытуға бағытталған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек