Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАбай облысында қос азаматтықтың 12 фактісі анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Рolisia.kz мәліметінше, Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзу деректері бойынша бірқатар азамат жауапқа тартылды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес, елімізде қос азаматтыққа жол берілмейді. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның 3-бабына сай, еліміздің азаматы өзге мемлекеттің азаматтығында қатар жүре алмайды. Егер қазақстандық азамат басқа елдің азаматтығын алса, ол 30 күнтізбелік күн ішінде бұл жайында Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе консулдық мекемелерге хабарлауға міндетті. Бұл талапты орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы аумағынан шығарып жіберіледі. Жыл басынан бері Абай облысында осындай 12 құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде алты шетелдік елден шығарылса, қалған алтауы айыппұл төледі.
Сондай-ақ биылғы алты ай ішінде облыстың көші-қон қызметі басқармалары мен бөлімшелері 269 азаматтықтан шығу туралы өтінішті тіркеген. Оның ішінде 263 өтініш Ресей Федерациясының азаматтығына, қалғандары АҚШ, Түркия, Қырғызстан және Чехия азаматтығын алуына байланысты берілген. Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын бұзбауға, қос азаматтықты жасырудың ауыр құқықтық салдары болатынын ұмытпауға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде полиция велосипед ұралған жігітті ұстаған еді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады