20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2022 жылы «Мукинов» ШҚ базасында «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің» жылқы шаруашылығы ғалымдарымен бірлесіп, «Бесқарағай» типті қазақ жылқы тұқымы шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
30 жыл бойы Шәкәрім атындағы университеттің ғылыми және консалтингтік қолдауымен ауқымды селекциялық асылдандыру жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы Бесқарағай жылқысының екі зауыттық желісін – «Шойынқара» және «Байторы» – апробациялау шаралары өткізілді, селекциялық жетістікке патенттер (№1030, 1031, 1032) алынды.
Бесқарағай типінің ерекшелігі – жылқылардың стандарттан биік, ірі, етті әрі сүтті, күшті және төзімді болуы, сондай-ақ кез келген климаттық жағдайға бейімділігі. Бұл жылқылар Қазақстанның басқа тұқымдарынан 25%-ға өнімдірек, ал 100 биеден 85 құлын алынады.
Жаңа тұқымның басы ірі, бұл жануарлардың қуатты тіс жүйесі мен шайнау бұлшықеттерінің жақсы дамуына байланысты. Бұл ерекшелік оларға ірі азықтарды тиімді өңдеуге мүмкіндік береді. Мұғалжар тұқымы және қабас тұқымдарын будандастыру арқылы пайда болған Бесқарағай жылқысының салмағы жарты тоннадан асады, ал айғырлардың салмағы 700 келіге дейін жетеді.
Қазіргі уақытта шаруашылықта Бесқарағай өңірінің жағдайына бейімделген, мүйізсіз қазақтың ақбас сиырының жаңа түрін шығару бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?