20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысында қала тұрғынын 2,5 миллион теңгеге алдаған әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Семей қаласының тұрғыны полицияға алаяқтыққа қатысты арызданды. Ол 2024 жылдың 1 мамырында танысының сеніміне кіріп, ірі көлемдегі ақшасын иемденіп кеткенін хабарлаған. Тергеу барысында күдіктінің 55 жастағы семейлік әйел екені анықталды. Ол ер адамның ұлын жоғары оқу орнына түсіруге көмектесемін деген сылтаумен 2,5 миллион теңге алып, ақшаны өз қажетіне жұмсап жіберген. Өз кінәсін мойындағанымен, қолды болған қаржыны қайтаруға мүмкіндігі жоғын алға тартты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарды қырағылық танытуға шақырып, бейтаныс адамдарға негізсіз себептермен ірі көлемде ақша бермеу қажеттігін ескертеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?