20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПрокуратура Абай облысының ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің құқықтарын қорғады. Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға санитарлық қорғау аймағынан тыс су объектілерінде және су объектілерінің ластануы мен бітелуіне жол бермейтін суару алаңдары мен басқа да құрылғылар болған кезде рұқсат етіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алайда Абай облыстық мәслихаты өз шешімімен жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерді ескермей, облыстың барлық су айдындарында суаруға тыйым салған жануарларды ұстау ережелерін бекіткен.
Бұл шешімнің өзі заңсыз ғана емес, оны оырндау да мүмкін болмады, себебі ол мал өсірушілерді су айдындарына табиғи қол жетімділіктен айырады және малды суаруды қиындатады.
Облыс прокуратурасының наразылығы бойынша Ереженің талаптары қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді.
Осылайша, 7 000 шаруа қожалықтарының және жеке тұлғалардың шексіз тобының құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?