Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПолицияға үрейлі хабарлама келіп түсті: өтіп бара жатқан адамдар көпірден бір жас жігіттің секіруге дайындалып тұрғанын байқаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары дереу жетті. Алғашқылардың бірі болып полиция қызметкерлері Нұржан Оралтаев пен Нұрсұлтан Айып жігітке жақындады. Олар үйлесімді әрекет етіп, екі жақтан жігітті әңгімеге тартып, назарын өздеріне аударып, қауіпті әрекеттің алдын алуға тырысты. Осы кезде басқа полицейлер жолдағы қозғалысты реттеп, көпір үстінде көлік кептелісін болдырмауға күш салды.
Жігіт сәл алаңдаған сәтте, тәртіп сақшылары оны шапшаң түрде қолынан ұстап, қауіпсіз аймаққа сүйреп шығарды. Қарсылық көрсеткеніне қарамастан, полицейлер оны ұстап қалып, психологиялық қолдау көрсете берді.
Уақытылы әрекет пен кәсіби шеберліктің арқасында полицейлер 25 жастағы азаматтың өмірін сақтап қалды. Ол емдеу мекемесіне жеткізілді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер