20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысында 18 сағаттан бері ірі орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жалын 1100 гектар аумақты қамтыды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы мәліметтер бойынша, 23 мамыр күні таңертең Абай облысында орман өртінің ауданы 1100 гектарға дейін ұлғайды. Өңір әкімінің хабарлауынша, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, бірақ барлық қызмет қауіпті ауданнан адамдарды шұғыл көшіруге дайын.
Өртті жоюға Абай облысының ТЖД жеке құрамынан 68 адам және 20 бірлік техника, ШҚО ТЖД жеке құрамынан 30 адам және 7 бірлік техника, орман шаруашылығынан – 147 адам және 56 бірлік техника, облыстың жергілікті атқарушы органдарынан – 4 адам және су таситын 4 КамАЗ жұмылдырылды.
Айта кетейік, 2023 жылғы 22 мамырда «101» пультіне Бородулиха ауданындағы ауыл станциясынан 7 км қашықтықта құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт Ресейдің Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькая ауылының маңында басталған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?