20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысында Бородулиха ауданы Жезкент кентінің мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұрали Амангелдіев оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыратын «Сатылмайтын Алпамыс» компьютерлік ойнын әзірледі, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар» бағыты бойынша үздік жоба үшін 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Жобаның басты идеясы - білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.
Оқушының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың нақты жағдайлары негізінде көркем роман форматында әзірленген, бұл ойыншыға сыбайлас жемқорлықтың салдарын тереңірек түсінуге көмектеседі. Әр эпизодтың соңында ойыншыға Қылмыстық кодекске түсініктеме беріледі.
Ойынның соңғы миссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама саласындағы білімдерін кеңейту. Ойынның соңында көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.
Айта кетейік, Нурали өз жұмысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың І республикалық байқауына ұсынған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?