Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАбай облысында полицейлер ірі ұрлыққа қатысы бар пәтер тонаушылар тобын қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің қатысуымен жедел ұстау операциясы жүргізіліп, күдіктілердің әрекеттері қылмыс жасау кезінде тоқтатылды.
Оперативті қызметкерлердің анықтауы бойынша, «гастрольдік квартет» атанған топ ШҚО-дан Семей қаласына 19 желтоқсанда келген. Келесі күні күдіктілер пәтерден 15 миллион теңгеден астам қаржының мүлкін ұрлап кеткен. Ұрланған заттардың ішінде алтын бұйымдар мен сейфтен алынған қомақты ақша бар, - делінген мәліметте.
Қылмыстық схема әдеттегідей жоспарланған: екі қатысушы пәтердің құлпын кілт таңдау арқылы ашқан, ал қалған екеуі сыртта қауіпсіздікті бақылап тұрған. Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты ғимаратқа заңсыз кіру арқылы ұрлық жасау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оларға мүлікті тәркілеумен бірге жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуда.
Айта кетейік, ұсталғандар бұрын да осындай қылмыстар үшін сотталған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді