Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысының 200-ден астам тұрғыны қайтарымсыз грант алып, өз кәсіпорындарын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көмектің ең көп сомасы 1,5 миллион теңгені құрады. Бұл көптеген жас кәсіпкерлерге өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Келесі жылы бизнес ашқысы келетіндер үшін төмен пайызбен несие беріледі.
Көп балалы ана және кәсіби кондитер-аспазшы Торғын Ысқақова грант алып, үйінің жанынан шағын цех ашты. Бөлінген қаражатқа қажетті жабдықты сатып алып, өз өндірісін бастады.
"Бастау Бизнес" жобасында өзімді сынап көруді шештім. Бұл мемлекет ұсынатын тамаша мүмкіндік. Мен әуелі бизнес-жоспар құрдым, бір апта оқып, сертификат алдым. Содан кейін өз жобамды қорғап, бір аптадан кейін келісім алдым", - дейді ол.
Гранттық қолдаудан бөлек келесі жылы облыс тұрғындары үшін 35 жасқа дейін төмен пайыздық несиелер қарастырылған. Қарыздың ең көп сомасы 5 млн теңгені құрайды. Оған бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл мүмкіндікті 200-ден астам адам пайдалана алады деп күтілуде. Бұл өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік береді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?