20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысында жаңа оқу жылының басында екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы өңірлік білім басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Илиясов мәлімдеді. Оның айтуынша, облыста үш ауысымды мектептер жоқ.
«Реновация» бағдарламасы аясында 2025-2027 жылдары 75 мектеп кезең-кезеңімен жаңғыртылады. Биылдың өзінде 8 мектеп толық жөндеуден өтіп, жаңа оқу жылына дейін дайын болады. Оның ішінде Семей қаласындағы №32 орта мектеп, Жаңасемей ауданындағы Түрксіб және Приречное мектептері, Аягөздегі №7 орта мектеп пен Қ.Қадыржанов атындағы мектеп, Бесқарағайдағы Глуховка мектебі, Үржар ауданындағы Б.Момышұлы мектебі бар. Жөндеу жұмыстарының басым бөлігі 1 қыркүйекке дейін аяқталады, - деді ол.
Сонымен бірге «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа мектеп оқушыларды қабылдауға дайын. Семей қаласы Водный кентіндегі мектеп 1 қыркүйекте ашылмақ. Аягөз қаласындағы 600 орындық жаңа мектеп 2-тоқсанда пайдалануға беріледі. Бұған қоса Семейдің Шығыс Оң кентінде 300 орындық мектептің құрылысы жалғасуда.
Жалпы облыстағы 8200 орын тапшылығының 31 пайызы осы жобамен салынып жатқан 5 мектеп есебінен шешілмек. Қалған тапшылықты жою үшін республикалық бюджет есебінен алдағы үш жылда 11 мектеп салу жоспарланған.Апатты жағдайда деп танылған үш мектептің мәселесі де кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Жарма ауданында 100 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Ақсуат ауданындағы Екпін ауылында 300 орындық мектептің жобалық құжаттамасы сараптамаға жіберілді. Семейдегі №11 мектептің орнына жаңа мектеп салуға құжат әзірленіп жатыр, - деді басқарма басшысы.
Инфрақұрылымды жақсарту мақсатында биыл 12 мектепке күрделі жөндеуге 2 млрд 900 млн теңге бөлінген. Оның бесеуі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында. Бұдан бөлек 174 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?