Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАбай облысында күзгі дала жұмыстарына және 2023-2024 жылдардағы мал қыстауына жем-шөп дайындау жұмыстары қарқынды жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, бүгінде 143,8 мың га дәнді дақылды, сондай-ақ 2,01 мың га көкөніс пен бақша дақылын, 2,2 мың га картопты жинау жұмыстары сәтті аяқталды.
Мал азығын сатып алу жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Қазіргі таңда 854,2 мың тонна шөп, 40,3 мың тонна пішендеме, 9,1 мың тонна сүрлем, 32,5 мың тонна сабан, 8,2 мың тонна құнарлы жем дайын, - делінген мәліметте
2023-2024 жылдары аудандардың ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтарына қыс мезгіліне 1153,1 мың тонна шөп, 48,8 мың тонна пішендеме, 59,3 мың тонна сүрлем, 85,1 мың тонна сабан, 117,8 мың тонна құнарлы жем дайындау қажет.
Айта кетсек, шілде-тамыз айларындағы тапсырыс кезінде егін жинау науқанына 6 139 мың тонна дизель отыны сатып алынды, бұл 100%-ды құрайды.
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес