Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСемейде Қазақстанның халық әртісі, әнші, ұстаз, профессор Бекен Жылысбаев атындағы республикалық вокалшылар байқауы өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен 19 әнші қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдіктің мәліметінше, байқау екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар Бекен Жылысбаевтың репертуарындағы шығармаларды орындаған.
Ал қазылар алқасының құрамында Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Танагүл Бекназарова, ҚР Мәдениет қайраткері Нұрлан Көшеров болды.
Байқау нәтижесінде 3-орынды Қызылорда қаласынан Әнуарбек Нұрсұлтан, Түркістан қаласынан Алпысбаева Аружан және Семей қаласынан Ерланова Мадина иеленді. Көкшетаулық Ринат Нұрмұхат пен семейлік Ақнұр Кабитова 2-орынды жеңіп алды. 1-орын алматылық Бекзат Әбітов пен астаналық Әйгерім Аманжоловаға бұйырды.
Вокал сайысында алматылық Мақсат Саматов Гран-при иегері атанды. Республикалық байқаудың дипломанттары павлодарлық Аманбол Сейілхан, алматылық Аружан Тоқтаған, астаналық Динара Таубекова болды.
Сондай-ақ, Бекен Жылысбаевтың концерттік орындаушысы Гүлфия Әбдірова «Үздік концертмейстер» арнайы марапатына ие болды.
Айта кетсек, байқауға әншінің ұрпақтары Ардақ, Аида Бекенқызы мен немерелері қатысты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді