Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАбай облысында Бесқарағай аудандық ауруханасына заманауи медициналық құрал-жабдықтар алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа жабдықтар тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге септігін тигізбек.
Алынған құрал-жабдықтардың қатарында Versana Premier диагностикалық ультрадыбыстық жүйесі, импедансометрия және аудиологиялық скринингке арналған AudioSmart жүйесі, көз алмасының алдыңғы бөлігін зерттеуге арналған S260S маркалы жарық шамы бар. Флюорографиялық техника да жаңартылды. Цифрлық құрылғының жаңа үлгісі ауруды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе тиімді диагностика мен алдын алу үшін маңызды.
Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бағдарламасы аясында биыл төрт дәрігерлік амбулатория, алты медициналық пункт пен бір фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталды.
Бұл шаралардың барлығы халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер