Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАбай облысында әскери жиын аясында 1,5 мың әскери міндетті "Шығыс"оқу-жаттығу полигонында өз білімдері мен дағдыларын жетілдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әскери міндеттілердің кезекті жиыны Қарулы күштерді даярлау жоспарына сәйкес өткізілген. Қорғаныс министрлігі жиынға қатысушылар 41 әскери-есептік, атап айтқанда мотоатқыштар, танк, артиллерия, зениттік бөлімшелер, жауынгерлік, тылдық және тактикалық қамтамасыз ету мамандары, сондай-ақ жауынгерлік машиналардың механик-жүргізуші мамандықтары бойынша қайта дайындықтан өткенін айтты.
Іс-шараның жабылу салтанатында сөз сөйлеген "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов әскери міндеттілердіі жиыны елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Мұндай жиындар Қарулы күштердің жауынгерлік әлеуетін арттыруда, әскери міндеттілердің білімін толықтырып, дағдыларын жетілдіруде ерекше орын алады. Сіздер армияда бір ай қызмет етіп, Отан алдындағы парыздарыңызды абыроймен орындадыңыздар. Отбасыларңызға да нағыз патриот ретінде ораласыздар, – деді полковник Жеңіс Маралов.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы оқу-жаттығу жиындары барысында ынта-жігері мен жауапкершілік танытқан, сондай-ақ спорттық іс-шараларда ерекшеленген бірқатар әскери міндеттілерді марапаттады. Олар полковник Жеңіс Мараловтың қолынан грамоталар, сондай-ақ Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» және Бауыржан Момышұлының «Соғыс психологиясы» кітаптарын алды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді