20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысында жертөледе анықталған жасырын цехте 1,5 тонна алкоголь табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өңірдің Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері алкогольді заңсыз дайындайтын жасырын цехтің қызметін тоқтату бойынша арнайы операция өткізді.
Контрафактілі алкогольді 57 жастағы Семей тұрғыны жертөледе жабдықталған цехте дайындаған. Ол спиртті қолмен құю желісін жасақтаған.
«Полиция қызметкерлері әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден астам алкогольді тәркіледі.
Оның жалпы құны 2,5 млн теңгеден асады», - делінген хабарламада.
Заңсыз өнім үлгілері физика-химиялық сараптамаға жіберілген.
«Бұл факті Абай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тіркеліп, жіберілді», - деді Абай облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Асет Шахантаев.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?