23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді98 жастағы облыс тұрғыны Әбдеш Имаханов салтанатты іс-шараға қатыса алмағадықтан облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев еңбек ардагерінің үйінк арнайы келіп құттықтап, «Құрмет» орденін табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әбдеш Имаханов Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосты. Жүзді алқымдаған ақсақалдық мұрасы бүкіл өңірдің мақтанышы десе артық емес.
Әбдеш Имаханов өзінің бар ғұмырын туған өңірін көркейтуге арнады. 1970-1978 жылдар аралығында ауылдық кеңесті басқарып, ауданның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Еділбай қойының тұқымын жаңғырту бағытында үлкен жұмыс атқарды. Осы саладағы жетістіктерінің арқасында совхозға «асыл тұқымды мал өсіргені» үшін сертификатпен берілді. 2002 жылы Әбдеш Имаханов Қасқабұлақ ауылдық округіндегі «Шиліөзек» учаскесінде «Әбдеш ата» атты жеке шаруа қожалығын құрды.
Ақсақалдың жеткен жетістігі ауыл шаруашылығындағы қажырлы еңбегімен ғана шектелмейді. Әбдеш Имаханов өзінің көпбалалы отбасымен мақтанады. Ардагер 10 бала өсіріп, бүгінде 37 немере, 24 шөбере сүйіп отыр. Еңбек ардагерінің отбасылық құндылықты дәріптеуі және қоғам өміріне белсене араласуы болашақ ұрпаққа үлгі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады