Абай облысында 9 жасар ұл бала зорланды. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі мәлімдеді. «Не молчи» қорына жәбірленушінің әкесі шағымданған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, ұлын өгей әкесінің інісі зорлаған. Оқиға 2023 жылдың 20 шілдесінде бала үйге телефонын қуаттауға кірген кезде орын алған. 46 жастағы азамат оның аузын жауып, көмекке адам шақыруға мүмкіндік қалдырмаған. Біреуге тіс жарса, өлтіретінін айтқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз:
Бала қарсыласқан, денесі көгерген. Полиция күдіктіні сол күні тұтқындады. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр.