Жаңалықтар

Боксшы Фируза Шәріповаға операция жасалды

Боксшы Фируза Шәріповаға операция жасалды
Фото: Президент іс басқармасы 24.07.2023 15:40 1169

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріповаға операция жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Операция ҚР ПІБ МО ауруханасының Спорттық медицина орталығында өткен. Спортшы иық буынына операция жасатқан.

Банкарт операциясымен бірге жасалған иық буынының артроскопиясы ортопедияда иық буынының әртүрлі патологияларын емдеу үшін қолданылатын инновациялық процедура. Артроскопияны қолдануға негізделген бұл әдіс хирургтерге қоршаған тіндерге аз жарақатпен ішкі буын құрылымдарын визуализациялауға және операция жасауға мүмкіндік береді, - деді травматолог дәрігер Асқар Баймұхаметов.

Дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі таңда Фируза Шарипова өзін жақсы сезінеді. Жақын арада оңалту курсы да ҚР ПІБ МО ауруханасының Спорттық медицина орталығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға