20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАбай облысында 1200 орындық IT-мектеп-лицейінің салтанатты ашылуы өтті. Мектепте 280 орындық акт залы және 420 орындық асхана бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, қоғам қайраткерлері, ұстаздар, ата-аналар, 500-ге жуық оқушы қатысты.
Жаңа мектеп «Заря» шағынауданында Абай облысы әкімдігі мен «KAZ-Minerals Demeu» корпоративтік қоры арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде салынған.
Әкімдіктің мәліметінше, мектеп заманауи білім беру шарттарына сәйкес жаңа технологиялармен жабдықталған. Үш қабатты ғимаратта физика, химия, биология, информатика, мультимедиялық сыныптар, графика және модельдеу, сондай-ақ зертханалар, телестудия, смарт-сыныптар, 3D-принтерлер мен робототехника кабинеттері орналасқан.
Мектеп кітапханасында 5000-нан астам кітап, оның ішінде қазақстандық және шетелдік танымал классиктердің шығармалары бар. Оқу кезінде тек стационарлық компьютерлер ғана емес, ноутбуктер де қолданылады. Спорттық инфрақұрылым жоғары стандарттарға сәйкес келеді. Екі спорт залы, футбол, волейбол, баскетбол алаңдары және work-out аймағы балаларға спортпен белсенді айналысуға мүмкіндік береді.
Мектепте бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары үшін үш бөлек кіреберіс орналасқан. Қауіпсіздік үшін 200 бейнебақылау камерасы орнатылып, ғимаратқа кіру турникеттермен қадағаланады. Мектеп терроризмге қарсы қорғаныс жүйесіне енгізілген.
Білім ұясының негізгі бағыттарына жаратылыстану-математика пәндерін тереңдетіп оқыту, бағдарламалау, жасанды интеллект, робототехника, сондай-ақ ағылшын тілін кәсіптік дамыту жатады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?