Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАбай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мерекелік концерт өтіп жатқан Қарауыл ауылында 20 мыңнан астам облыс тұрғындары мен қонақтар, оның ішінде шетелдік туристер жиналды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшті. Ерекше назар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне аударылды.
Облыстық ПД мәліметінше, бір ғана кештің ішінде 15-тен астам баланың жоғалу дерегі тіркелді. Олардың барлығы дер кезінде табылып, ата-аналарына аман-есен тапсырылды.
Балаларды жедел іздестіру мақсатында полиция қызметкерлері оқиға орнынан тікелей эфирге шығып, олардың бейнелері концерт сахнасының үлкен экранында көрсетілді. Бұл ата-аналарға балаларын бірден танып, оларға жетуіне мүмкіндік берді.
Патрульдік полиция батальоны мерекелік іс-шара өтетін орынға кіреберіс жолдардағы жағдайды бақылап, автокөліктердің ретсіз қозғалысына жол бермей, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ернар Базаровтың айтуынша, күшейтілген режимдегі жұмыс жалғасуда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді